Тынық мұхитынан оттегі көзі табылды

Бұл жаңалық Жердегі және басқа планеталардағы өмірдің пайда болуы туралы бұрынғы білімдеріміздің қате болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Тынық мұхитынан оттегі көзі табылды
сурет: eaglesjournal.com
592

Тынық мұхитында, 4 км тереңдікте ғалымдар күтпеген жерден оттегі көзін тапты, деп хабарлайды interestingengineering.com.

Алғашында бұл құбылыс сенсорлардың қателігі деп саналғанымен, он жылға созылған зерттеулер бұл болжамның қате екенін растады. Қараңғы тереңдікте, күн сәулесі жетпейтін жерлерде, тастәріздес құрылымдар оттегі өндіреді, бұл бұрын мүмкін емес деп саналған.

Ғалымдардың айтуынша, бұл «тастар» электр энергиясын өндіреді және теңіз суын сутегі мен оттегіге ыдыратады.

Бұл жаңалық Жердегі және басқа планеталардағы өмірдің пайда болуы туралы бұрынғы білімдеріміздің қате болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары