Париж Олимпиадасы: Бүгін кімдер жарысқа шығады

Олимпиада ойындарындағы 27 шілде күнгі жарыс кестесі

Париж Олимпиадасы: Бүгін кімдер жарысқа шығады
istockphoto.com
685

Олимпиада ойындарындағы 27 шілде күнгі жарыс кестесі жарияланды.

Бүгін жарыс жолында академиялық ескек есуден Владислав Яковлев, дзюдошылар Елдос Сметов (60 келі) пен Әбиба Әбужақынова (48 келі) сынға түседі. 

Оқ ату спортынан Ирина Юнусметова мен Никита Чирюкин жарыс жолына шықса, теннистен жекелей сынға Александр Бублик пен Юлия Путинцева шығады.

Үстел теннисінен ұлттық құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко өнер көрсетсе, велошосседен Алексей Луценко бақ сынайды. Сондай-ақ бокстан 63,5 келі салмақта Мұхамедсабыр Базарбайұлы шаршы алаңға шығады.

Серіктес жаңалықтары