Таразда күдікті полиция учаскесінен қашып кеткен

Күдікті Қанат Доғдырханұлы Бекен полиция бөліміне жеткізілген соң әжетханаға шығып, одан әрі қашып кеткен

Таразда күдікті полиция учаскесінен қашып кеткен
instagram.com/zhambyl_police
804

Жамбыл облысының полиция департаменті Тараз қаласының аумағында пайдакүнемдік-зорлық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін ұсталған күдіктінің қашып кеткенін хабарлап, іздеу жариялады, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Күдікті 03.11.1995 жылы туған Қанат Доғдырханұлы Бекен полиция бөліміне жеткізілген соң әжетханаға шығып, одан әрі қашып кеткен.

Белгілері: бойы – 168 см, дене бітімі – арық, қара шашты, беті сопақша, құлағы үлкен, сәл қалқиған, орташа мұрынды, сол жаққа қисайған, ерні үлкенірек. Күдікті Nike жазуы бар қара қалпақ, көк түсті жейде және спорттық қара түсті шалбар киген, – делінген ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары