Президент Елдос Сметовті Олимпиада чемпионы атануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дзюдодан 60 келі салмақта Париж Олимпиадасының алтын жүлдесін иеленген Елдос Сметовті тарихи жеңісімен құттықтады

Президент Елдос Сметовті Олимпиада чемпионы атануымен құттықтады
Ашық дереккөз
497

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады.

Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның туы биікте желбіреді. Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додаларында топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі! – деп жазды Мемлекет басшысы Х парақшасында.

Серіктес жаңалықтары