Париж-2024: Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар
Олимпиада ойындарындағы 28 шілде күнгі жарыс кестесі
Бүгін еліміздің атынан Олимпиада ойындарына бадминтон спортынан алғаш рет Дмитри Панарин қатысады.
Кешегі жарыс күнінде командалық сында Олимпиаданың қола жүлдесін алған Александра Ле мен Ислам Сәтпаев пневматикалық оқ атудан жекелей сында бақ сынайды. Сондай-ақ Арина Алтухова мен Константин Малиновский жарыс жолына шығады.
Академиялық ескек есуден Владислав Яковлев, 1/4 финалға шығу үшін жұбыныш сынында бақ сынаса, 66 келі салмақ дәрежесінде дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Олимпиада ойындарының жүлдесіне таласады.
Семсерлесуден жекелей сында Вадим Шарлаимов, Руслан Құрбанов және Эльмир Әлімжанов өнер көрсетеді. Бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) Олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін өткізсе, Айбек Оралбай (92 келі) шаршы алаңда бақ сынайды. Сонымен қатар 50 келі салмақта Назым Қызайбай шаршы алаңға көтеріледі.