Шығыс Қазақстанда ірі бұршақ жауды

Бұршақ жауған соң қалада қатты жаңбыр жауды

Шығыс Қазақстанда ірі бұршақ жауды
Видеодан алынған кадр
417

Шығыс Қазақстанда шілдеде бұршақ жауды. Алайда өңірде ауа температурасы сол қалпы жоғары, деп хабарлады turkystan.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Өскемен тұрғындары қалада 28 шілдеде ірі бұршақ жауғанын хабарлады. Олардың кейбірі көшеге шығуға да қорыққан.

Бұршақ жауған соң қалада қатты жаңбыр жауды.

Синоптиктердің мәліметінше, қазір Өскеменде күн 27 градусты көрсетіп, бұлтты, жаңбыр жауады. Жел секундына 4-5 метр шамасында.

Қазгидромет бір күн бұрын Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады деп хабарлады.

Серіктес жаңалықтары