5330
Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
Өткен аптада елімізде бірқатар кадрлық тағайындау болды
Өткен аптада елімізде бірқатар кадрлық тағайындау болды.
Атап айтқанда, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Ертай Алтаев Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Сонымен қатар Төлеген Кенжебеков Қонаев қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ал Петропавл қаласы әкімінің орынбасары болып Ержан Мұстафин тағайындалды.
Сондай-ақ Ерұлан Жамаубаев «Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесіне мүше болып сайланды.