Ақтауда бетін жауып, автоматпен жүрген қыздар жұртты шошытты

Полицейлер олардың 15-17 жас аралығындағы кәмелеттік жасқа толмаған қыздар екенін анықтады. Олар  әзіл ретінде ойыншық қару сатып алып, Тик-Токқа видео түсірген.

Ақтауда бетін жауып, автоматпен жүрген қыздар жұртты шошытты
Lada.kz
889

Ақтау тұрғындарын хиджаб киіп, пулемет ұстаған қыздар қорқытты, деп хабарлады turkystan.kz  сайты «Лада» басылымына сілтеме жасап.

«Біз 5-ші шағын ауданнан 4-ші шағын ауданға қарай жолды кесіп өтіп бара жатқанбыз. Толықтай қара киімге оранып алған екі қыз  «оқ ата» бастады. Шынымды айтсам, қорқып кеттім, өйткені мен олардың қолдарындағы ойыншық автомат екенін түсінбедім. Сосын мен ойыншық тапаншалардың дыбысына ұқсас «атылған» дыбыстарды естідім», - дейді қала тұрғыны. 

Полицейлер олардың 15-17 жас аралығындағы кәмелеттік жасқа толмаған қыздар екенін анықтады. Олар  әзіл ретінде ойыншық қару сатып алып, Тик-Токқа видео түсірген. 

Балалардың ата-аналары кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйлерінен тыс жерде болғаны, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Қыздармен әңгіме жүргізіліп, олар профилактикалық есепке алынды» деп хабарлады полицейлер. 

 

 

Серіктес жаңалықтары