18 жастағы атыраулық тұрғын тыйым салынған материалдарды таратқан

Күдіктінің уақытша мекен-жайын тінту жүргізу кезінде түрлі діни кітаптар, діни мәтіні бар брошюра заттар тәркіленді.

18 жастағы атыраулық тұрғын тыйым салынған материалдарды таратқан
Атырау облысы Полиция Департаменті
511

Тыйым салынған діни материалдарды таратқан тұрғын ұсталды. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz сайты. 

Атырау және Ақтөбе облыстарының Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында әлеуметтік желілер арқылы діни алауыздыққа шақыратын, тыйым салынған діни материалдарды таратумен айналысқан 18 жастағы Атырау облысының тұрғынын ұстады.

Күдіктінің уақытша мекен-жайын тінту жүргізу кезінде түрлі діни кітаптар, діни мәтіні бар брошюра заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Өзге ақпарат ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары