Жас айырмашылығы – 58: Олимпиададағы ең жас және жасы үлкен қатысушылар кімдер?

Парижде Токиода өткен Олимпиада секілді ең жас спортшылар скейтбординг жарысында сынға түсіп жатыр.

Жас айырмашылығы – 58: Олимпиададағы ең жас және жасы үлкен қатысушылар кімдер?
1200

Бүгінде Париж төрінде өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарына 11-69 аралығындағы спортшылар бақ сынап жатыр.

Әлемнің 200 елінен келген атлеттердің арасындағы ең жасы – Қытай атынан скейтбординг жарысында сынға түсетін Чжэн Хаохао. Чжэн 11 жаста. Ол жарысқа 6 тамыз күні араласады.

Ал жасы үлкендердің қатарында үш спортшы бар. Ең үлкені – ат спортынан Аустралия намысын сонау 1996 жылғы Атланта Олимпиадасынан бері қорғап жүрген – Мэри Ханна. Мэри биыл желтоқсанда 70 жасқа толады. Ол Париж Олимпиадасына қосалқы құрамда аттанды. Сондықтан оның бұл жарысқа араласуы екіталай.

Мэриден кейін жасы үлкендердің қатарында дәл сол ат спортында Канада құрамасы сынға түсетін – 61 жастағы Жил Ирвинг. Екінші 61 жастағы атлет – үстел теннисінен мықты саналатын, Люксембург намысын қорғап жүрген қытайлық Ни Сялянь. Осымен алтыншы Олимпиадаға қатысып тұрған Ни бірініші айналымнан сүрінбей өтті.

Серіктес жаңалықтары