Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды
gov.kz
1271

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Өмірбекұлы Қалқабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, Марат Қалқабаев еңбек жолын 1984 жылы ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлер құрамы лауазымдарындағы қызметтен бастаған.

1995-2013 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлер құрамы лауазымдарында қызмет атқарған.

2013 жылғы қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған. ІІ дәрежелі "Даңқ", ІІ дәрежелі "Айбын" ордендерімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған. ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері.

2011 жылы Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілген.

Серіктес жаңалықтары