Париж-2024: Ескекші Владислав Яковлев Е тобының финалына шықты

Ол жарыс жолын 7 минут, 26.20 секундта бағындырды.

Париж-2024: Ескекші Владислав Яковлев Е тобының финалына шықты
Туризм және спорт министрлігі
499

Академиялық ескек есуден спортшымыз Владислав Яковлев Париж Олимпиадасында E/F1 тобының жартылай финалында мәреге бірінші жетті.

Ол жарыс жолын 7 минут, 26.20 секундта бағындырды. Енді ол Е тобының финалында жарысады.

Айта кетейік, бұл кезеңге қатысатын ескек есу шеберлері жүлдеге таласпайды. Е және F тобында ширек және жартылай финалға шыға алмаған спортшылар ішінде орын үлестіріледі.

Серіктес жаңалықтары