Сыйақы беріледі: Антикор ауыр қылмыс жасаған азаматқа іздеу салды

Хабарлаған адам туралы мәлімет құпия сақталатыны айтылған.

Сыйақы беріледі: Антикор ауыр қылмыс жасаған азаматқа іздеу салды
сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
555

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті ауыр қылмыс жасаған азаматқа іздеу салды, бұл туралы агенттік Telegram каналында хабарлады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматын іздестіруде: Бақыт Әділ Есенжолұлы, 25.07.2000 ж.т., Қарағанды облысының тумасы (Сәтбаев қ.ПБ бұрынғы жедел уәкілі). Бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау». Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, іздестіру бастамашысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне (мекен – жайы Жезқазған қ., Құрманбаев көшесі 15) мына телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: 8 (7102) 72-12-31 Кезекші бөлім, іздестіру тобы, 8-771-192-44-20, 8-775-912-87-07 ұялы телефоны, (немесе kb.ulytau@antikor.gov.kz электрондық поштасына жазу). - деп жазылған ресми хабарламада.

Сонымен қатар, іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін сыйақы берілетіні, хабарлаған адам туралы мәлімет құпия сақталатыны айтылған.

Серіктес жаңалықтары