Париж-2024: Теннисші Александр Бублик қазақстандықтардан кешірім сұрады

Спортшы Париж Олимпиадасындағы жеңілісінің себебін түсіндірді.

Париж-2024: Теннисші Александр Бублик қазақстандықтардан кешірім сұрады
Olympic.kz
393

Қазақстандық теннисші Александр Бублик жұптық сындағы жеңілістен соң шағын сұхбат беріп. Спортшы Париж Олимпиадасындағы жеңілісінің себебін түсіндірді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

«Бұл нәтижемізге баға беру қиын. Әрине, мүмкіндік болды. Бірнеше рет брейк-пойнт болды, бірақ оны жүзеге асыра алмадық. Теннис қой, енді.

Медальді айтпағанда, жеңіске жетудің өзі қолдан келмеді. Қазақстандықтардан бірнеше ойында жеңе алмағаным үшін кешірім сұраймын.

Сашамен (Недовесов - ред.) соңғы рет 2022 жылы ойнадым. Жұптасып жаттығуға да мүмкіндік болмады. Бірге ойнайтын тәжірибеміз аз. Бірақ бұл да ақталу емес», - деді Бублик.  

Серіктес жаңалықтары