Ресейлік белгілі актер Астананың сұлулығына тәнті болды (ВИДЕО)

Актер Рузиль Минекаев Қазақстанға келді.

Ресейлік белгілі актер Астананың сұлулығына тәнті болды (ВИДЕО)
видеодан алынған скрин
548

Ресейдің танымал театр және кино актері Рузиль Минекаев Қазақстан астанасының сұлулығы мен тазалығына тәнті болды.

“Мен Астанаға алғаш рет келдім. Мен бұл сапардың болғанына өте қуаныштымын. Қала өте керемет, таза, үлкен. Аса тартымды сәулеті, жағымды жанашыр адамдары көп. Сондықтан мен бауырлас халықтың арасында болғаныма өте қуаныштымын”, - деді Рузиль Минекаев.

Айта кетейік, Рузиль Минекаев Астанадағы ComicCon ауқымды фестивалінің арнайы қонағы болды.

Серіктес жаңалықтары