Тараз әкімдігінің қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Азаматтардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген залал сомасы 100 млн теңгеден асады.

Тараз әкімдігінің қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр
istockphoto.com
370

Қаржылық мониторинг агенттігі Жамбыл облысының прокуратурасымен бірлесіп, Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар заң бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 

Қала әкімшілігінің қызметкерлері мемлекет кірісіне түскен тауарлық-материалдық құндылықтардың есепке алынбауын пайдалана отырып, ресми құжаттарды қолдан жасау жолымен соттардың үкімдері бойынша тәркіленген коммерциялық жылжымайтын мүлік пен халық тұтынатын тауарларды мекеменің балансынан заңсыз шығарып алған.

Аталған азаматтардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген залал сомасы 100 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шаралар, тиісті сараптамалар жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімдері қабылданатын болады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары