«Ескертіңіз!»: Димаш Құдайберген ата-аналарға үндеу жасады

Өнер иесі балаларға цифрлық әлемде бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасаудың қаупі туралы ескеру керек екенін айтты.

«Ескертіңіз!»: Димаш Құдайберген ата-аналарға үндеу жасады
instagram/unmigration
484

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші, Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) елшісі Димаш Құдайберген балалардың қауіпсіздігіне қатысты мәлімдеме жасады. 

Мен ата-аналарға, тәрбиешілерге, қамқоршыларға, балаларға жауапты барлық ересектерге жүгінгім келеді. Бала саудасы туралы естігенде, біз қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды немесе көшеде тұратын көше балаларын елестетеміз. Алайда, бүгінгі таңда балалар саудасы басқа да жолдармен дамып келеді. Соның бірі - интернет. Қазіргі уақытта адамдар интернетте көбірек уақыт өткізеді. Осы себептен де қылмыскерлер балаларды әлеуметтік желілер немесе ойын платформалары арқылы тартуға тырысады, – деді Димаш Құдайберген.

Сондай-ақ, ол бұл әрекеттерді тоқтатудың бірден-бір жолын айтты.

Балаларыңызға цифрлық әлемде бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау қаупі туралы ескертіңіз! Балаларыңызбен суретке түсіруден, бейне түсіруден және бейтаныс адамдармен бөлісуден аулақ болу қаншалықты маңызды екенін талқылаңыз. Адам саудагерлері оларды жәбірленушілерді қорқытып, бақылауда ұстау үшін қолдана алады. Ең бастысы, балаларыңызбен сенім орнатыңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, - деп қорытындылады ізгі ниет елшісі.

Серіктес жаңалықтары