412
Түркістан облысында өзенге ағып кеткен 16 жастағы қыз табылмай жатыр
Жасөспірім қыз фотосессия жасап жүріп, абайсызда жығылып қалған.
Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары тау өзенінің бойында фотоға түсемін деп тайып жығылып, суға ағып кеткен жасөспірім қызды іздеп жатыр.
28 шілдеде сағат 10:41-де Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне 16 жастағы жасөспірімнің «Сайрам-Өгем» аумағы Қасқасу ауылынан 15 км қашықтықта Сайрам-су таулы өзеніне батып кеткені жайлы ақпарат түскен. Жас қыз фотосессия жасап жүріп, абайсызда жығылып қалған.
Іздестіру құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 37 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 техникасы, Түркістан облысы ПД 6 қызметкері және 3 техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 11 қызметкер жұмылдырылды.
«Түркістан облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады», - деп жазылған хабарламада.