Ұлттық спорт: Жаппай көкпар федерациясы құрылды

Жаппай көкпар – ұлттық бренд

Ұлттық спорт: Жаппай көкпар федерациясы құрылды
544

Ұлттық спорт қатары тағы бір федерациямен толықты. ҚР Жаппай көкпар федерациясы ресми түрде аккредитация алып, жеке ұйым ретінде тіркелді.

Жаппай көкпар –  халыққа ортақ, атадан балаға мирас болып келе жатқан құнды мұра. Көкпар – күш пен жігердің, палуан мен тұлпардың етене бітісіп, асау мінезді тізгіндейтін алаң. Көкпар жаһандану дәуірінде өз өміршеңдігін танытып, ұлттық брендке айналып отыр.

ҚР  Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Бақытжан Тұрлыбеков құттықтау сөзінде осынау игі істің барша жанкүйерлерін құттықтап, бұл бастамада табысқа жететініне сенім білдірді.

«Бүгінгі қадам көкпарға жаңа леп берері сөзсіз. Одан ұлттық спорт ұтпаса, ұтылмайды. Енді көкпар республика бойынша жаңа қарқынмен жүйелі түрде дамитын болады», – деп атап өтті Б.Тұрлыбеков өз құттықтау сөзінде.

Серіктес жаңалықтары