636
Бурабай курортында 19 жастағы бойжеткен қаза тапты
Курорт аумағындағы жолдың бұрылысында квадрациклді басқарған 19 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, көлік аударылған.
Ақмола облысы Бурабай курортында квадрацикл мінген бойжеткен жол апатына түсіп, мерт болды. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаменті мәлімдеді.
Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 27 шілдеде болған.
Белгілі болғандай, Астанадан Бурабайға демалуға келген екі қыз жергілікті жалға беру пункттерінің бірінде "X5 Classic" маркалы квадроциклін жалға алған.
Курорт аумағындағы жолдың бұрылысында квадрациклді басқарған 19 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, көлік аударылған.
Салдарынан артқы жақта отырған жолаушы қыз алған дене жарақатынан ауруханада көз жұмды.
Жол-көлік оқиғасы дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары қолға алынды, — деді ведомстводан.