Париж-2024: Мария Дмитриенко Олимпиада финалына шықты

Дмитриенко «трап» бағдарламасында сынға түсіп, іріктеуден 4-орын алды.

Париж-2024: Мария Дмитриенко Олимпиада финалына шықты
Мария Дмитриенко. Фото: ҰОК
861

Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Мария Дмитриенко іріктеуден сәтті өтіп, финалға шықты, деп хабарлады turkystan.kz. 

Дмитриенко «трап» бағдарламасында сынға түсіп, іріктеуден 4-орын алды. Ол жалпы есебі 73 ұпай жинаған. Финалға алғашқы 8 спортшы ғана жолдама алады. 

Ал жарысқа жалпы есебі 30 спортшы қатысқан. 

Іріктеу сынында 75 ұпаймен испаниялық Магрина Мар Молне көш бастап тұр. Екінші орында 74 ұпаймен тағы бір Испания спортшысы Фатима Галвес орналасқан. 

Үшінші сатыда австралиялық Пенни Смит.

Серіктес жаңалықтары