Париж-2024: Сәкен Бибосынов алғашқы айналымда жеңіске жетті

Үшінші жарыс күнінде шаршы алаңға шыққан екі боксшы да жеңіске жетті.

Париж-2024: Сәкен Бибосынов алғашқы айналымда жеңіске жетті
Қазақстан бокс федерациясы
836

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

51 келіде бокстасатын Сәкен алғашқы айналымда жолы түйіскен қарсыласы түркиялық Самет Гумустен басым түсті. Осылайша, Сәкен Олимпиаданың ширек финалына өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрбек Оралбай да алғашқы кездесуінде жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алған болатын.



 

Серіктес жаңалықтары