Париж-2024: Сәкен Бибосынов ширек финалда өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістіреді

Қос боксшы бұған дейін 3 рет кездескен болатын.

Париж-2024: Сәкен Бибосынов ширек финалда өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістіреді
сурет: olympic.kz
2998

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасының ширек финалында өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен жұдырықтасады.

51 келі салмақта бокстасатын Сәкен ширек финалда 2016 жылғы Олимпиада чемпионы әрі әлем чемпионы өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен өзара кім мықтыны анықтайтын болады. 

Қос боксшы бұған дейін 3 рет кездескен болатын. Оның екеуінде Дусматов жеңіске жеткен еді. 

Дусматов пен Бибосынов арасындағы жекпе-жек 2 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 21:20-да өтеді. 

Серіктес жаңалықтары