545
Теміртауда 6 жастағы бала алтыншы қабаттан құлап, көз жұмды
Бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.
Қарағанды облысында 6 жастағы бала 6-қабаттың терезесінен құлады.
ТЖМ мәліметінше, Теміртау қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бала 6-қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.
Көпқабатты үйлердің терезелерінен балалар құлайтын оқиға жиілеуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖМ ата-аналарға ескерту жасады:
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
- Балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз!
- Баланың өздігінен ашылуына жол бермеу үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз!
- Ешқашан москит торларын қолданбаңыз-балалар оларға сүйеніп құлайды!
- Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһазды терезелерден алыстатыңы