Жамбылдық жанкүйерлер Асланбек Шымбергеновті әуежайдан күтіп алды (ВИДЕО)

Жамбылдық жанкүйерлердің тарапынан қазақстандық боксшыға ерекше құрмет көрсетілді.

Жамбылдық жанкүйерлер Асланбек Шымбергеновті әуежайдан күтіп алды (ВИДЕО)
скриншот
553

Париж Олимпиадасының қатысушысы Асланбек Шымбергеновті жамбылдық жанкүйерлер күтіп алды. Бұл туралы Жамбыл облысының өңірлік комуникациялары қызметі хабарлады.

Боксшы Асланбек Шымбергеновті әуежайдан Жамбыл облыстық спорт басқармасының өкілдері, спортшының жақындары мен жанкүйерлері күтіп алды. Жамбылдық жанкүйерлердің тарапынан қазақстандық боксшыға ерекше құрмет көрсетілді.

Жиналған көпшілік былғары қолғап шебері Асланбек Шымбергеновтің болашақта талай биік белестерді бағындыратынына сенім білдіріп, қолдау көрсетті.

Сондай-ақ Асланбек Шымбергенов те өзін қолдаған жанкүйерлер алғысын жаудырды.

Айта кетейік, боксшы 28 шілдеде өткен алғашқы жекпе-жегінде иорданиялық Зейяд Ишаиштан жеңіліс тапқан болатын. Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызға дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары