440
Алматыда заңсыз салынған таунхаус бұзылды
Таунхаустың рұқсат беру құжаттарының толық пакетінсіз, шаруашылық тәсілмен тұрғызылғаны анықталды.
Алматыда сот шешімі бойынша заңсыз салынған таунхаус бұзылып жатыр.
Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім еткендей, тұрғындардың өтініші негізінде «Шұғыла» шағын ауданындағы Жүнісов көшесі, 135/20 учаскесінің меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижиесінде таунхаустың рұқсат беру құжаттарының толық пакетінсіз, шаруашылық тәсілмен тұрғызылғаны анықталды.
«Меншік иесіне ұйғарым беру арқылы әкімшілік шаралар қабылданды, алайда ол орындалған жоқ. Басқарма Наурызбай аудандық сотына нысанды бұзуға талап арыз берді. 2024 жылғы 2 ақпанда басқарманың талап-арыздары қанағаттандырылды», - деп атап өтті басқармадан.
Бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.