Сәкен Майғазиев ауызына түкірген оқушы Гарвард университетіне грантқа түсті

Бұл жайында әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады

Сәкен Майғазиев ауызына түкірген оқушы Гарвард университетіне грантқа түсті
сурет: https://www.instagram.com/saken_maigaziyev
969

Әнші жетісулық Сезім Ертаңатов есімді бозбаланың 2 жасында ауызына түкіріп, батасын бергенін және сол тілегі қабыл болғанын айтты, деп turkystan.kz.

«Екі күн бұрын орталық клиникалық аурухана дәлізінде (СовМин) жүзінен нұр төгілген келіншек пен оның қасындағы 16 жастар шамасындағы қызымен жылы ұшырап амандастық. Шырамытқаныммен жыға танымадым. Сөйтсем, 19 жыл бұрын, яғни 2005 жылы жер жәннаты Жетісуда бұл кісілердің қара шаңырағында қонақта болыппыз. Сол үйдің көз қуанышы, еркесі осы суреттегі Сезім есімді баланы (шамамен 2-3 жаста болса керек) ата-анасы менің қолыма ұсынып, аузына түкіруімді өтініпті. Алланың қалап, аузыма салып тұрғаны ғой, кішкентай Сезім ұлымызға ақ жол, жарқын болашақ тілеп: "Сен әнші болмай-ақ қой, сен асқан білім мен ғылымның иесі бол", - деп бата берген екенмін. (30 жасымда не деген бата десеңші)Содан не керек, Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебін тәмамдаған Сезім Ертаңатов (суреттегі) әлем бойынша 55 000 үміткердің ішінен топ жарып, 2021 жылы Гарвард университетінің оқу грантына ие болыпты. "Сезім Гарвард", деп "гуглдата" қойып едім, Сезім Ертаңатов туралы ақпарат атып шықты. Айтқым келгені, бір бірімізге жақсылық тілеп, жақсы сөйлеп, жақсы ойлап, қолдап, демеп жүрейікші. Жақсы сөз - жарым ырыс», - деп жазды әнші.

Серіктес жаңалықтары