657
Бүгіннен бастап Астанада қоғамдық көлікте жүру ақысы қымбаттады
Астанада қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын көтеру туралы ұсыныстар биыл ақпанда айтылған.
1 тамыздан бастап Астанадағы қоғамдық көліктерде жаңа тариф енгізілді. Енді тұрғындар автобуста 90 теңгенің орнына 110 теңге төлейді.
Айта кетейік, Астанада қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын көтеру туралы ұсыныстар биыл ақпанда айтылған. Сол кезде қалалық және қала маңындағы жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау бағыттарына сараланған тариф белгіленетіні айтылды.
Сонымен бірге 2020 жылғы наурыздан бастап Астана мен қала маңында оқитын 18 жасқа толмаған балалар қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Оқушыларға арнайы карта беріледі.
Еске салсақ, Алматыда да осы айдан бастап жол ақысы 120 теңгеге қымбаттайды. Шілдеде қалалық мәслихат депутаттары қоғамдық көліктердегі тарифті көтеруге дауыс берген болатын.