7-10 тамыз күндері Астана көшелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылады

Қоғамдық-саяси шараларды өткізуге байланысты 7-10 тамыз аралығында қаланың жекелеген көшелерінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.

7-10 тамыз күндері Астана көшелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылады
instagram/sgork_official
496

Елорданың кей көшелерінде 7-10 тамыз күндері көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметі мәлімдеді.

«Қоғамдық-саяси шараларды өткізуге байланысты 7 және 10 тамыз аралығында қаланың жекелеген көшелерінде, негізінен «Есіл» (Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала даңғылы, Достық, Керей-Жәнібек хандары көшелері), «Нұра» (Тұран, Ұлы Дала даңғылы) және «Алматы» (Тәуелсіздік даңғылы, Ж.Нәжімеденов ул.Қ.Аманжолов көшелері) аудандарында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, дайындық аясында 3 тамызда бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді. Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай ақ Қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстары пайдаланылады.

«Осыған байланысты, астананың тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті қамтамас ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды өтінеміз», - деп ескертті Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері.

Серіктес жаңалықтары