Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 700 млн теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік беретін бастама көтерді

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 700 млн теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік беретін бастама көтерді
rail-news.kz
691

Еліміздің бизнесі мен экономикасына кері әсерін тигізетін теміржол көлігінің мәселелері апта сайын түрлі алаңдарда талқыланып, оң шешімін тауып жатыр.

Мәселелердің бірі көліктер бос тұрған кезде тауарды сақтағаны үшін 10 еселік төлемге байланысты. Қазіргі уақытта жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар үш түрлі алымдарды төлеуге мәжбүр: вагондарды тоқтатқаны үшін, жүкті сақтағаны үшін және әскерилендірілген қауіпсіздік үшін (қажет болған жағдайда).

«ҚТЖ – «Жүк тасымалы» ЖШС вагондардың межелі станцияда бос тұрып қалуының барлық жағдайларында 10 еселік алым алады. Бұл жүк тиелген және бос вагондарға да қатысты. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрі Бұйрығының ережесіне сәйкес, бұл алым жүк станцияға келген сәттен бастап 48 сағат өткен соң алынады.

Бизнеске түсетін салмақты азайту үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Көлік министрлігімен және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, ағымдағы жөндеуге вагондарды ажырату кезіндегі 10 еселік төлемді алып тастауды пысықтады.   Бұл бизнеске 700 миллион теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, төлем үшін жауапкершілік шегінің мерзімін белгілеу бастамасы қолдау тапты, яғни енді 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін алым қолданылмайды.

Ережеге тиісті өзгерістер мен толықтыруларды СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Сонымен қатар, Ұлттық палата көлік министрлігімен және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесе отырып, тоқтап қалу мерзіміне байланысты алымдар мөлшерін саралау мақсатында ережелерге өзгерістер енгізу бойынша нақты жұмыстар істелініп жатқанын хабарлаймыз. «Атамекен» ҰКП бизнеске қолайлы жағдай жасау және ел экономикасын нығайту үшін осы және басқа да мәселелерді шешу бойынша жұмыстарды жалғастырады.

Серіктес жаңалықтары