Шекарада аяқ киімге арналған кремге героин жасырғандар ұсталды

Табылған есірткінің «қара» нарықтағы құны — 15 млн АҚШ долларынан асады.

Шекарада аяқ киімге арналған кремге героин жасырғандар ұсталды
ҰҚК
515

Iрi партиядағы есiрткi контрабандасы арнасының жолы кесілді. Бұл жайында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды. 

Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар иісшіл итті пайдалана отырып, ауыр жүк көлігінде аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тауып, тәркіледі.

Сараптама заттардың құрамында героин барын көрсетті, оның жалпы салмағы — 775 кг.

Табылған есірткінің «қара» нарықтағы құны — 15 млн АҚШ долларынан асады.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды.

 

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.  

Серіктес жаңалықтары