Астанадағы мектеп жәрмеңкесі

Астанадағы мектеп жәрмеңкесі
635

Жыл сайын жаздың соңғы айы оқушыларды мектепке дайындау қарбаласымен өтеді. Тамыздан бастап ата-ана­лар балаларына мектеп формасы, дәптер мен қалам­сап, сабаққа қажетті оқушылар тұтынатын өзге де заттар са­тып алып, жаңа оқу жылына дайындайды. 

Нарықтық жағдайда сауда-саттықтың бәрі сұранысқа бай­ланысты болатындықтан, тамыз айында мектеп оқушы­ларына қажетті заттардың бағасы қымбаттап кететіні белгілі жайт. Ал бұл көпбалалы ата-аналарға қаржылық жағынан оңай тимейтіні белгілі. Арзан деп бағасы қолжетімді заттарға қол созғанмен оның сапасы көңіл көншітпейтіні белгілі. Сондықтан бұл мәселеде мемлекет әрдайым көмекке келеді. Бірінші көмек – көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, т.б. қажетті заттарды сатып алуға мемлекет тарапынан қаржы бөлінсе, екінші көмек – бағалардың қол­же-
т­імділігін қамтамасыз ету үшін аудандар мен облыс орталық­тарында және ірі қалаларда мемлекет ұйымдастыратын оқушы­лар жәрмеңкесі.
Мемлекеттік  көмек жайында айтсақ, егер отбасы көмекке мұқтаж, аз қамтылған санаттарға жататын болса, онда балалар­дың ата-аналары мектепке хабарласып, растайтын құжаттарды ұсынуы керек.
Қазір мектептегі әлеуметтік педагогтар жаңа оқушыларды қабылдауды ескере отырып, мұқтаж балалардың тізімдері жасалуда. Осы орайда,  жалпыға бірдей білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы 14 500 баланы қамту жоспарлануда.
2024-2025 оқу жылында материалдық көмек мөлшері бір балаға 43 407 теңгені құрайды.
Ал оқушылар жәрмеңкесінде заттардың алуан түрін таңдап алуға мол мүмкіндік жасалады, сондықтан бұл жәрмеңкенің жұмысы бір айға созылып, халық мектеп жасындағы балаларына қажетті сапалы заттарды сатып алуына жағдай жасалады.
Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында 1 тамыз бен 31 тамыз аралығында елорданың бірнеше жерінде мектеп жәрмең­келері өтетіні хабарланған. Мұнда кеңсе тауарлары мен мектеп формасын қолайлы бағамен сатып алуға болады, ол дүкендер­дегіден төмен болады. Жәрмеңке бүкіл қала бойынша өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Астанада жетім, аз қамтылған және көпбалалы отбасы бала­ларына көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Мектепке жол» акциясы басталады.
Оның мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде көмек көрсету. Оған демеушілер мен мүдделі азаматтар белсене қатысуда. Барлығы 8 500-ден астам баланы қамту жоспарлануда.
Балаларын мектепке дайындап жатқан ата-аналардың на­зары­на Астана қаласындағы мектеп жәрмеңкесі өтетін жерлер мыналар:

– «Аймақтау» сауда үйі, 1 тамыздан 5 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
–  «Тұлпар» сауда үйі, 1 тамыздан 5 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін;
– Magnum супермаркеті (Тұран даңғылы, 55Д), 3 тамыздан 1 қыркүйекке дейін тәулік бойы жұмыс істейді;
– «Анвар» супермаркеті (Тұран даңғылы, 45), 3 тамыздан 1 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін;
– «Тұмар» сауда үйі (Сығанақ көшесі, 1Б), 1 тамыздан 15 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін;
– «Сарыарқа» сауда орталығы (Тұран даңғылы, 24), 15 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін;
– «Рахмет» сауда орталығы, 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін;
– «Джафар» сауда орталығы, 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін;
– «Көктал» сауда орталығы, 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін;
– «Әсем» сауда орталығы, 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін;
– Astana Mall сауда орталығы, 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25, 31 тамыз күндері, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін;
– «Аружан» сауда орталығы, 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25, 31 тамыз күндері, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

Көрсетілген сауда орталықтарында, көрсетілген күндер мен уақытта елордалық оқушылар үшін мектеп жәрмеңкесі өткізі­летін болады. Сондықтан жаңа оқу жылына мектеп жасындағы балаларын дайындайтын ата-аналар мүмкіндікті пайдаланып, өз балаларына қолжетімді бағаға мектепке қажет заттарды са-
т­ып алса болады.

Серіктес жаңалықтары