Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарық көрді (ВИДЕО)

«I am a Singer» жобасының гала-концертінде Димаш өзінің жаңа әнінің тұсаукесерін жасады.

423

2 тамызда Қытайдың Hunan TV каналында өте өзекті және әйгілі жобалардың бірі «I am a Singer» гала-концерті өтті. Жобаның 2017 жылдан бері бірнеше мәрте қонағы болған топ мүшесі Димаш Құдайберген «Angel love» атты жаңа композициясын орындады, деп хабарлады turkystan.kz.

Әннің музыкасы мен сөзін қазақтың белгілі композиторы Ренат Гайсин мен ақын Қалкаман Сарин жазды. Туындының аранжировкасын Ренат Гайсин дыбыс продюсері Ерлан Бекчуринмен бірлесіп жасады.

Димаш арнайы қытайлық көрермендер үшін қазақ және қытай тілінде ән шырқады. Қытай тіліндегі мәтіннің авторы – Лин Вэй Вейлим.

Серіктес жаңалықтары