828
Қазгидромет ескерту жасады: Бүгін біршама өңірде дауыл соғып, бұршақ жауады
4 тамызға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 4 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтап қалады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Тек елдің оңтүстігінде және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша желдің күшеюі, бұршақ, солтүстік және шығыс облыстарда дауыл, республиканың оңтүстік-батысы мен солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.