Астана полицейлері жалпы гарнизондық жиын өткізді

Астана полицейлері жалпы гарнизондық жиын өткізді
Polisia.kz
652

ҚР Ұлттық ұланның № 5573 әскери бөлімінде Астана қаласы полиция департаментінің кешенді күштері мен құралдарының жалпы гарнизондық жиыны өтті, деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға дайындығын Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков тексерді. Қызметкерлерге жедел жағдай туралы жеткізіліп, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға ерекше назар аударылып, нұсқама берілді. Сондай-ақ елорда аумағында өткізіліп жатқан “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасына ерекше ден қойылды.

 

Серіктес жаңалықтары