Жаяу жүргінші қайтыс болды: Алматыда әйел көлігімен үш адамды қағып кеткен

Кісі өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жаяу жүргінші қайтыс болды: Алматыда әйел көлігімен үш адамды қағып кеткен
istockphoto.com
519

Алматыда әйел көлігімен үш адамды қағып кетті, деп хабарлады қалалық полиция басқармасы.

Оқиға 4 шілде сағат 09:10-да қаланың Алмалы ауданында, Назарбаев даңғылы мен Жамбыл көшесінің қиылысында болған.

"Жол апаты салдарынан 1955 жылы туған жаяу жүргінші қайтыс болды. Кісі өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама жасалып жатыр", - дейді ведомство.

Серіктес жаңалықтары