Ақтөбе облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер елден қуылды

Оларға әкімшілік хаттамалар толтырылып сот шешімімен елден шығарылды

Ақтөбе облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер елден қуылды
polisia.kz
440

Ақтөбе облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер елден шығарылды, деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылында полиция заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 15 шетелдікті анықтады.

Көрші елдің азаматтары мектеп салумен айналысқан. Шетелдіктер полиция бөліміне жеткізілді. Оларға әкімшілік хаттамалар толтырылып сот шешімімен елден шығарылды. Сондай-ақ жеке кәсіпкерге қатысты шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін хаттама толтырылды.

Серіктес жаңалықтары