Олимпиада чемпионы Елдос Сметов елге оралды (ВИДЕО)

Елдос Сметов қолдау көрсетіп, ыстық ықылас танытқан барша қазақстандықтар мен жанкүйерлеріне ризашылығын білдірді.

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов елге оралды (ВИДЕО)
скриншот
603

Дзюдодан ХХХlll жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаев елге оралды. Ел мерейін асқақтатқан спортшыларды жанкүйерлері Халықаралық Алматы әуежайынан күтіп алып, ерекше құрмет көрсетті.

Әуежайға спортшылардың ата-анасы, туған-туыстары, бір топ жамбылдықтар келді, оның ішінде спорт ардагерлері, спортшылар мен бапкерлер, белсенді жастар да бар.

Олар зор қуаныш, құшақ-құшақ гүл шоқтарымен жиналды.

Өз кезегінде Елдос Сметов қолдау көрсетіп, ыстық ықылас танытқан барша қазақстандықтар мен жанкүйерлеріне ризашылығын білдірді.

Серіктес жаңалықтары