Дзюдо федерациясы Ғұсман Қырғызбаевқа көлік сыйлады

Алматы қалалық дзюдо федерациясының өкілдері Олимпиаданың қола жүлдесіне ие болған Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді.

Дзюдо федерациясы Ғұсман Қырғызбаевқа көлік сыйлады
Фото: KAZ.NUR.KZ
520

Парижден елге оралған Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев су жаңа темір тұлпарымен үйіне қайтты.

Айта кетейік, бүгін Париж Олимпиадасына қатысқан қазақстандық дзюдошылардың алғашқы легі елге оралды. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов те бар.

Дзюдошыларды Алматы әуежайынан олардың ата-анасы, достары, БАҚ өкілдері және жанкүйерлер күтіп алды.

Алматы қалалық дзюдо федерациясының өкілдері 66 кг салмақ дәрежесінде Олимпиаданың қола жүлдесіне ие болған Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді.

Еске салсақ, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін белдесуде сербиялық дзюдошы Страхинья Бунчичті «вазари» ұпайымен жеңген еді. Ал оған дейін Париж татамиінде Елдос Сметов (60 кг) франциялық спортшы Лука Мхеидзеден басым түсіп, алтын жүлдені қанжығалаған болатын.

Әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдесі бар. Байрақты бәсеке 11 тамызға дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары