468
Атырау облысында мұнай компаниясына 13 млрд теңге айыппұл салынды
Бұл туралы қадағалау органы мәлім етті.
Атырау облысының прокуратурасы қоршаған ортаны қорғау қызметінің басым бағыты болып табылатын қауіпті қалдықтардың айналымын тұрақты қадағалауды жалғастыруда. Бұл туралы қадағалау органы мәлім етті.
Атырау облысының прокуратурасы табиғатты қорғау саласының басым бағыты болып табылатын қауіпті қалдықтар айналымына тұрақты қадағалауды жүзеге асырады.
«Каспий нефть» АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметінде құралған 4 500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды», - делінген хабарда.
Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесінде сот «Каспий нефть» АҚ-ны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартып, 13 684 868 730 теңге айыппұл салды.