Ғұсман Қырғызбаевқа мерзімінен бұрын «капитан» әскери атағы берілді

Аға лейтенант Ғұсман Қырғызбаев – Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісі.

Ғұсман Қырғызбаевқа мерзімінен бұрын «капитан» әскери атағы берілді
Қорғаныс министрлігі
701

Париж Олимпиадасында қола жүлде иеленген қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа мерзімінен бұрын «капитан» әскери атағы берілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Аға лейтенант Ғұсман Қырғызбаев – Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісі.

Отан алдындағы ерекше еңбегі, дене тәрбиесі мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі, жоғары жетістіктері және кәсібилігі үшін Ғұсманға және оның егіз сыңары, Орталық спорт клубы дзюдодан команданың бөлімше бастығы - аға жаттықтырушысы Ғұмар Қырғызбаевқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен кезекті «капитан» әскери атағы мерзімінен бұрын беріледі, –деп атап өтті Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы, Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов.

Ғұсман және Ғұмар Қырғызбаевқа «капитан» әскери атағын Олимпиада қорытындысы бойынша спортшыларға құрмет көрсету кезінде Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов тапсырмақ.

Еске салсақ, қазақстандық дзюдошы Гусман Қырғызбаев Сербиядан келген спортшы Страхинья Бунчичті жеңіп, үшінші орын үшін күресте қола медаль жеңіп алды, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары