Биыл талапкерлерге тағы 150 грант бөлінді

Грант беру туралы шешім арнайы құрылған конкурстық комиссияның шешімімен анықталады.

Биыл талапкерлерге тағы 150 грант бөлінді
istockphoto.com
463

Ж. Тәшенев университетінің қабылдау комиссиясы шешімімен жоғары балл жинаған талапкерлерге «ТӘШЕНЕВ ТАРТУЫ» білім гранты тағайындалады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

Негізгі талаптар:

  • ҚР Ұлттық тестілеу орталығы өткізген тестті тапсырған және мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқан болуы міндетті.
  • Бірыңғай ұлттық тестілеуден (ҰБТ) бес пәннің жиынтығы бойынша жоғары балл жинауы керек;
  • Конкурста ауылдық жерлерден қатысушыларға басымдықтар беріледі.
  • Мектептің 10-11 сыныптарында пәндік олимпиадалар мен түрлі байқауларда республикалық, халықаралық деңгейде жетістігі болып, шығармашылық емтихандар тобына кірмейтін білім беру бағдарламалары бойынша жоғары бағаланған талапкер;

Грант беру туралы шешім арнайы құрылған конкурстық комиссияның шешімімен анықталады.

Айта кетейік, егер конкурста бөлінген орындарға үміткерлердің ҰБТ балы тең болса, оның аттестаттағы үлгерімінің ортақ балы ескеріледі.

Серіктес жаңалықтары