Ғалымдар мүкжидек шырынының тағы бір пайдасын анықтады

Мүкжидек шырынын ішкендер плацебо тобымен салыстырғанда антибиотиктерді 49 пайызға аз қолданған.

Ғалымдар мүкжидек шырынының тағы бір пайдасын анықтады
сурет: istockphoto.com
586

Мыңдаған жылдар бойы америкалық үндістер мүкжидекті зәр шығару жолдары инфекцияларын емдеуге пайдаланған. Қазір де дәрігер мүкжидек шырынын осы мақсатта ұсынады, бірақ кей зерттеушілер ғылыми дәлелдердің жеткіліксіздігінен бұл әдіске күмәнмен қарайды. Алайда, Австралияның Бонд университетінің зерттеушілері бұл пікірмен келіспейді.

Жақында аталған университет ғалымдары жүргізген, 20 зерттеуден тұратын мета-анализ мүкжидек шырынының ЗЖИ-дің алдын алуда тиімді болуы мүмкін екенін көрсетті.  Сынақ қорытындысы мүкжидек шырынын тұтыну ЗЖИ деңгейін 27 пайызға төмендеткенін көрсетті. Сонымен қатар, мүкжидек шырынын ішкендер плацебо тобымен салыстырғанда антибиотиктерді 49 пайызға аз қолданған.

Бұл нәтиже мүкжидек шырыны қазіргі медицинаға балама емес, бірақ қайталанатын инфекцияларды азайтуға және болашақта антибиотиктерге қажеттілікті төмендетуге көмектесетінін көрсетеді.

Зерттеушілер: «Мүкжидек шырыны ЗЖИ-дің алдын алу үшін тиімді деп саналады және оны емдеудің бір бөлігі ретінде қарастыру керек» деп жазады.

Серіктес жаңалықтары