Астанада мас ер адам 9 жастағы қызды алып кетпек болған

Күдікті 15 тәулікке қамалды.

Астанада мас ер адам 9 жастағы қызды алып кетпек болған
скриншот
849

Астаналық полиция тоғыз жастағы қызды ойнап жүрген жерінен ертіп кетпек болған ер адамды ұстады.

Әлеуметтік желіде қызды ұрлап кетпек болған ер адам мен оны ұстап берген көрші әйелдің видеосы тарады. Болған жағдайды кішкентай қыздың анасы айтып берді.

«Менің тоғыз жастағы қызым үйдің ауласында мысығымен, бауырымен ойнап жүрген. Күндіз ыстық болғандықтан кешкі сағат 18:00 шамасында далаға шықты. Мас ер адам балалар ауласында ойнап жүрген қызымның жанына келген. Қызымның есімі Айша, бірақ ол оны Катя деп шақырған. Қызым орыс қызына ұқсағандықтан болар, ауладағылар ер адамды қызымның әкесі немесе ағасы деп ойлап қалған», – дейді әйел.

Оның айтуынша, ер адам қызын өзімен бірге кетуге үгіттеген. Күдікті қыздың қолындағы мысықты көріп, айтқанын істемесе мысығының аяғын сындыратынын айтып, қорқытқан.

«Сол жерде көрші үйдің тұрғындары болған. Бастапқыда бірге еріп кетпек болғаны қызым кейін ойынан айнып қалып, адамдар отырған аулаға келген. Бақыт есімді әйел қызымның қорқып тұрғанын көріп «Оны танисың ба?» деп сұраған. Қызым қорыққаннан иә не жоқ деп айта алмаған. Осылай оқиғаның алдын алды. Күдікті 15 тәулікке қамалды» , – деп алғысын білдірді қыздың анасы.

Жағдайдың алдын алған көрші келіншек полиция қызметкерлеріне белгісіз еркектің қыздың қалай алып кетпек болғаны айтып берді.

«Бала жүріп бара жатқанда ол артынан кетті. Мен қыз үйіне бара жатыр екен деп ойладым. Сосын қыз ары қарай кеткісі келмей қайта жүгіріп әжелердің қасына келді. Мен жанына барып «Сен оны білесің бе?» деп сұрап едім «жоқ» деп жауап берді. Үлкен кісілер де «Ол оны білмейді. Кел, жаныма отыр» деді. сонда бұл «Катя, кеттік. Ол үйіне барғысы келмей тұр» деп бізді алдап тұр», – дейді келіншек.

Астана қаласының полициясы күдіктінің ұсталғанын айтып, пікір білдірді.

«Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Басқа мән-жайлар анықталуда», – деп мәлімдеді полиция.

Серіктес жаңалықтары