60 тоннадан астам балық Еуропаға заңсыз экспортталғаны анықталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

60 тоннадан астам балық Еуропаға заңсыз экспортталғаны анықталды
сурет: istockphoto.com
382

Құны 200 млн теңгеден асатын 60 тоннадан астам балық өнімі Қазақстаннан заңсыз экспортталды, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.

Қаржы мониторингі агенттігі балық өнімінің «көксерке филесі» аса ірі мөлшерде контрабандасы фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Тергеу барысында 2021 жылдың қазанынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін мекеме басшысы заңсыз ауланған балықты сатып алып, оны кейіннен Еуроодақ елдеріне экспорттағаны анықталды. Бұл ретте экспортқа рұқсат беру құжаттарын алу үшін балықты қолдан өсіруге мүмкіндігі жоқ шаруа қожалығынан тауардың шығу тегі туралы жалған құжаттар алынған, – деп жазылған ресми хабарламада.

Сот үкімімен күдіктіге сатылған балық өнімінің кедендік құнын мемлекет кірісіне өндіріп ала отырып, 1 000 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалған, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары