Елдос Сметовке бес бөлмелі пәтер мен Lexus 600 табысталды

Дзюдошының жеке бапкеріне де сый тарту етілді

Елдос Сметовке бес бөлмелі пәтер мен Lexus 600 табысталды
Фото: Qaz365.kz
807

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті жерлестері туған өңірі – Жамбыл облысында сән-салтанатпен күтіп алды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Qaz365.kz.

Олимпиада чемпионына Тараздан бес бөлмелі пәтер мен Lexus 600 табысталды. Ал оның бапкері жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевке Хиундай Сантафэ көлігі мен екі бөлмелі пәтер табысталды. Чемпионға көліктің есігін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ашты.

Дзюдодан Париж Олимпиадасында атой салған Елдос Сметовтің Тараздағы үйі орналасқан көшенің асфальті жаңарған болатын. Бұл туралы әлеуметтік желіге жергілікті журналист Дастан Исламбек жазған.

Жақында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Елдос Сметовтің шаңырағына барып, ата-анасын құттықтап, құрмет көрсеткен. Елдос Сметовтің ата-анасы Бақтыбай және Тоқтагүл Сметовтерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, жарына Құрмет грамотасын табыстаған.

 

Серіктес жаңалықтары