Олимпиада ойындарында Қазақстан туын ұстап шыққан Ольга Сафронова мәре сызығына ең соңғы болып жетті

200 метр қашықтыққа жүгіру сайысында ел атлеті Ольга Сафронова екінші мүмкіндігін де мүлт жіберді.

Олимпиада ойындарында Қазақстан туын ұстап шыққан Ольга Сафронова мәре сызығына ең соңғы болып жетті
Фото: Сали Сабиров
467

Ольга Сафронова қайта жүгіру кезінде 23.70 секунд уақыт көрсеткішімен мәреге ең соңғы (алтыншы) болып жетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Олимпиада ережесіне сай бұл кезеңде көш бастаған желаяқтар ғана жүлдеге таласу жолына қайта қосыла алады.

Отандасымыз іріктеу кезеңінде 200 метр қашықтықты 23,58 секундта жүгіріп өтіп, финалдық кезеңге тікелей қатысу жолдамасынан қағылған еді. 

Айта кетейік, Ольга Сафронова Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында боксшы Асланбек Шымбергеновпен бірге ту ұстап, ел атлеттерін бастап шыққан еді.  

дд

Серіктес жаңалықтары