Бір қолы жоқ спортшы алғаш рет Олимпиадада бақ сынады (ВИДЕО)

Бір қолы жоқ спортшы алғаш рет Олимпиадада бақ сынады (ВИДЕО)
Gallo Images
555

Бүгінде Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бір қолы жоқ атлет бақ сынады.

Үстел теннисінен өткен командалық сайыста Бразилия құрамасының сапында Бруна Алешандре өнер көрсетті.

Алешандре бұған дейін төрт рет Паралимпиада ойындарына қатысқан. Ал Олимпиада ойындарына бірінші рет қатысып тұр. Ол алты айға толғанда инъекция дұрыс салынбағаннан тромбоз пайда болған. Ақырында дәрігерлер оның оң қолына ампутация жасау туралы шешім шығарған.  Алешандре тенниспен жеті жастан бастап айналысады. Ол төрт рет Олимпиада және алты рет Паралимпиадаға қатысқан поляк теннисшісі Наталья Партыканы үлгі тұтады.

Серіктес жаңалықтары