Жүргізуші куәлігін алу қызметіне өзгеріс енгізілді
Енді жүргізуші куәліктерін ауыстырған кезде пайдаланушылар бұрын алынған жеке куәлігі мен паспортынан (3 жылдан аспайтын құжаттар) өз фотосын орнату мүмкіндігі пайда болды.
eGov.kz порталын пайдаланушылар енді жүргізуші куәлігін жарамдылық мерзімі аяқталған, жоғалған немесе ұрланған кезде ғана емес, сондай-ақ тегі, аты және әкесінің аты өзгерген кезде де ала алады.
Енді жүргізуші куәліктерін ауыстырған кезде пайдаланушылар бұрын алынған жеке куәлігі мен паспортынан (3 жылдан аспайтын құжаттар) өз фотосын орнату мүмкіндігі пайда болды. Басты шарты фотосуреті пайдаланылатын құжат мерзімі 3 жылдан артық болмауы керек.
Қызметті үш рет басып алуға болады:
- eGov.kz порталында авторизация жасаңыз және «Көлік және коммуникация» бөліміне өтіңіз;
- қызметтер тізімінен «Жүргізуші куәлігін алу» тармағын таңдаңыз және барлық қажетті өрістерді толтырыңыз;
- ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қойыңыз.
Қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады. Пайдаланушыға хабарлама қызметті алу тәсіліне қарай (онлайн немесе офлайн) 60 немесе 120 минуттың ішінде келеді.
Қызметтің жаңа функционалы Ішкі істер министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды