610
Өскеменде селфи жасамақшы болған бойжеткен көпірден құлап кетті
Оқиға 5 тамызда түнде Крылов көшесі маңындағы автомобиль көпірінде болған.
Өскеменде көпірде тұрып, әдемі селфи жасау үшін жас қыз өмірімен қоштаса жаздады, деп хабарлады turkystan.kz сайты YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 5 тамызда түнде Крылов көшесі маңындағы автомобиль көпірінде болған.
Бойжеткен селфи жасаймын деп Үлбі өзеніне құлап кеткен. Куәгерлер полиция мен құтқарушыларды шақырған.
«Құтқарушылар келгенше, ол өз бетінше жағаға шықты», - деп хабарлады ШҚО ПД.